Әр сейсенбі – таңғы жаттығу күні
№72 мектеп-лицейінде оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында әр сейсенбі күні таңғы жалпы мектептік жаттығу өткізіледі.
Физикалық жаттығулар оқушылардың денсаулығын нығайтуға, көңіл-күйін көтеруге, оқу үлгерімін жақсартуға ықпал етеді. Мұндай дәстүрлі шаралар мектеп ұжымының бірлігін арттырып, оқушыларды белсенді өмір салтына тәрбиелейді.