Бүгін: 21.03.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

09 ақпан күні «№72 мектеп- лицейі» ШЖҚ МКК кітапханасында, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына байланысты «Жырлайды жүрек» атты 9 «Ғ» сыныбымен сынып сағаты ұйымдастырылды.
Сынып сағатының мақсаты: оқушылардың ақын жазушылардың өлең-жырларын сүйіп оқуға баулу. Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.
Сонымен қатар мектеп кітапханасында «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты көрме жасалды. Көрмеде ақынның шығармалары, өмірі мен әдеби мұрасына арналған ғылыми зерттеулер, естеліктер мен арнайы басылымдар көпшілік назарына ұсынылды.
9 «Ғ» сынып оқушылары ақын өлеңдерін жатқа айтып, өлеңдеріне жазылған әндер шырқап, шығармаларының мазмұнын талдап, рухани тәрбие алды. Қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арналған буктрейлерді Шахмұратов Асан және Мұрат Кәусар презентация ұсынды.

  

 

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы