Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті "Smart Astana" мобильдік қосымшасын қолдануды жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл әмбебап құрал енді елорда азаматтарына кез келген сыбайлас жемқорлық фактілері туралы тез әрі жасырын түрде хабарлауға мүмкіндік беретін "Stop сыбайлас жемқорлық" функциясын қамтиды.
Осылайша, заманауи құрал азаматтардың өз құқықтарын қорғау және әділ қоғам құру принциптеріне ықпал етуді көздейді.