2025 жылдың 20 сәуірінде мектебімізде 6–8 сынып оқушыларына арналған "Сенімділік сабақтары" тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Тренингтің негізгі мақсаты – оқушылардың бойындағы сенімділікті арттыру, өзін-өзі бағалауын жақсарту және дұрыс қарым-қатынас орнатуға үйрету.
Тренинг барысында оқушылар практикалық жаттығулар мен ойындар арқылы сенім, ішкі мотивация, өзара түсіністік тақырыптарын талқылады. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, бір-бірін қолдауға, топпен жұмыс істеуге дағдыланды. Іс-шараны мектеп психологы Имамбаева Н.Ж. жүргізді. Қатысушылар тренингтен жағымды әсер алып, болашақта өздерін сенімді ұстауға көмектесетін пайдалы кеңестер алды.