Бүгін: 26.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

12.02.2025ж №72 мектеп-лицейде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының жетекші балеринасы, еліміздің атын халықаралық деңгейде танытып жүрген Айгерім Бекетаевамен кездесу болып өтті. Кездесудің мақсаты: оқушыларға қазақ балет өнерінің дамуы, Айгерім Бекетаеваның шығармашылық жолы мен жетістіктері туралы мағлұмат беру. Сонымен қатар, жас буынды өнерге баулу, олардың қызығушылығын арттыру және кәсіби бағдар беру. Кездесуде Айгерім Бекетаеваның әңгімесі – балет өнеріндегі жолы, жетістіктері, тәжірибесі. Сұрақ-жауап сессиясы – оқушылар өз сұрақтарын қойып, қызықты жауаптар алды. Айгерім Бекетаеваның болашақ өнерпаздарға арналған тілегін айтып, өз атынан мектепке кітаптар мен спортқа арналған жабдықтар сыйлады. Кездесу өте қызықты әрі әсерлі өтті. Оқушылар балет өнері туралы мол мағлұмат алып, үлкен әсермен тарқасты. Айгерім Бекетаеваның сыйлықтары мектеп оқушыларына шабыт беріп, олардың шығармашылық пен спортқа деген ынтасын арттырды.

 

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы