№72 мектеп-лицейінде қыркүйек айының 1-ші аптасында 1-11 сыныптарда бірыңғай «Адалдық сағаты» өткізілді. "Адалдық сағатында" сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мен алдын алу бағытында кең көлемді түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сынып жетекшілері оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңнамаларды өмірде қолдана білу бойынша түсінік беріп, оқушылардың жемқорлыққа деген көзқарастарын білу мақсатында постерлер қорғатып, ситуациялық жағдаяттар берді және адалдыққа, парасаттылыққа, таза, адал еңбек етуге шақырды. "Адалдық сағаты" оқушыларға адалдық, шындық, қамқорлық, жанашырлық сияқты асыл қасиеттерді бағалауға және оны өмірде қолдануға шақырады. Адалдық әр адамның өзін де, өзгені де сыйлауын көрсететін, адалдық бар жерде шындық бағаланатынын айта келе оқушыларды адал болуға шақырды. Отанына, отбасына, қоғамға адалдық адамның болашаққа деген сенімін арттыра түсетіні айтылды.