10.02.2026ж Балалар әдебиеті - рухани тәрбие бастау» онкүндігі аясында балаларға балалар фольклорын, ертегі, әңгімелерді оқуына, қызығушылығын тудыруға ,мектебімізде түрлі іс -шаралар ұйымдастырылды. 1-4 сынып оқушыларының арасында “Менің сүйікті ертегім” атты ертегі кейіпкерлерін сомдау бойынша сахналық көріністер өткізілді. Жас жеткіншектің көркем сөзге, ойлау қиялын дамытуына балалар шығармасын оқытып, қызығушылығын арттыратын осындай іс- шаралар өз нәтижелерін көрсете алады. Соның бірі 4 “Ә” сынып оқушыларымен Сұлтан Қалиевтің “Бақы құсы” атты ертегісін оқытып, ертегі желісімен рөлдерге бөліп сомдап шықты. Мәтін мазмұнына сай құрылған қызықты викториналық сұрақтарға жауап беріп, ертегінің мәні мен мағынасын аса түсінді. Ертегіні өмірмен байланыстыра ортырып ертегінің негізгі идеясын ұғынып, сезіне білді.



