Бүгін: 21.03.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2026 жылы 16 ақпанда 7–11 сынып оқушыларына арналған арнайы ақпараттық бейнероликтер көрсетілді. Мақсаты — жасөспірімдерге интернеттегі алаяқтықтың бір түрі — дроперлік туралы түсіндіру және одан қалай қорғану керегін үйрету.
Дропер деген кім?
Дропер — алаяқтар үшін өз банктік картасын, шотын немесе жеке деректерін беріп, заңсыз ақшаны өткізуге көмектесетін адам.
Кейде адам өзі де алаяқ екенін білмей, оңай табысқа сеніп, қылмысқа араласып кетуі мүмкін.
Қауіп неде?
Біреудің картасын немесе дерегін беру — заң алдында жауапкершілікке әкеледі.
Жасөспірімдер де бұл үшін қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.
Өзіңді қалай қорғайсың?
✔ Банктік картаңды, ЖСН мен кодтарды ешкімге берме
✔ “Оңай ақша” ұсынған хабарламаларға сенбе
✔ Белгісіз адамдарға шотыңды пайдалануға рұқсат етпе
✔ Күдікті жағдай болса, ата-анаңа немесе мұғалімге айт.
Бұл бейнероликтер — балалардың қаржылық және цифрлық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

  

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы