«Балалар әдебиеті - рухани тәрбие бастауы» онкүндігі аясында № 72 мектеп-лицейде «Балалар әдебиеті - асыл қазына» атты бірінші тақырыптық күнінде, осындай іс-шаралар өткізілді: «Жырлайды жүрек» әдеби сағат, «Балалар әдебиеті - асыл қазына» кітап көрмесіне шолу, «Жаңа кітаптар» кітап көрмесі мен танысу. Кітапхана меңгерушісі оқушыларға «Ақиық ақын - Мұқағали» кітап көрмесінің шолуын ұсынды. «Мұқағали Мақатаев туралы 12 сұрақ» сұрақ жауап әдісі wordwall форматында откізілді. Іс-шара соңында оқушылар Мұқағали әлемімен біраз сусындады. Өз заманының орақ тілді ақыны өткір жырларымен Отанды сүюді, тілін қастерлеуді түйреп тұрып айтып кеткен. Адамгершілік, махаббат, сезім тақырыптарын шебер суреттесе, ананы қадірлеуді, аруды сыйлауды асқақтата жырлаған.



