Бүгін: 21.03.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

11.02.2026ж «Кітап кейіпкерлері балалар көзімен» тақырыбында 3-4 сынып оқушылары арасында көрме ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиет арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту, сүйікті кітап кейіпкерлерін таныстыру және оқылған шығармаларды өзара насихаттау. Іс-шараға оқушылар белсенді және үлкен қызығушылықпен қатысты. Қатысушылар өздерінің сүйікті кітап кейіпкерлерін бейнелеп, суреттер мен шығармашылық жұмыстар ұсынды. Сонымен қатар балалар оқыған кітаптары туралы қосымша мәлімет беріп, сыныптастарына сол шығармаларды оқуға ұсынды. Көрме барысында оқушылардың кітапқа деген ынтасы мен шығармашылық ізденісі айқын көрінді. Ұсынылған жұмыстардың ішінен ерекше мазмұндылығымен, көркемдігімен және орындау шеберлігімен көзге түскен үздік жұмыстар арнайы атап өтілді.
Аталған көрме оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, әдебиетке деген сүйіспеншілігін нығайтуға ықпал етті.

 

 

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы