Бүгін: 21.03.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

18.02.2026ж Сарайшық ауданы полиция басқармасының бөлім бастығы Бапанов Н.Д. 9-11 сынып оқушыларына «Дропперлік алаяқтар» тақырыбында ақпараттандыру іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды интернет алаяқтығынан қорғау, дропперлік алаяқтықтың әдістерін түсіндіру және қауіпсіздік шараларын таныстыру болды.
Іс-шара барысында тәжірибелі спикер құқық қорғау органдарының өкілі Бапанов Н.Д. сөз сөйлеп, нақты жағдайлар мен мысалдар келтірді. Оқушылар дропперлік алаяқтықтың қалай жұмыс істейтінін, алаяқтардың тактикаларын, сондай-ақ қалай алдын алу керектігін білді.Іс-шара соңында оқушылар сұрақтар қойып, алаяқтыққа байланысты өз тәжірибелерімен бөлісті. Барлық қатысушылар үшін дропперлік алаяқтық пен интернет қауіпсіздігі бойынша ақпараттық парақшалар таратылды.

 

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы