2026 жылдың 13 ақпанында №72 мектеп-лицейде «Мен оқыған бір кітап» READx форматында кітап талқылау іс-шарасы өткізілді. Мен оқыған бір кітапты осы форматта ұсынып, оқушылармен бірге талқылап, пікір алмасу мүмкіндігін пайдаландым.
Іс-шара барысында оқушылар өздері оқыған кітаптарымен бөлісіп, бір-біріне сұрақтар қойып, қызықты ойларымен ашық бөлісті. Бұл процесс әркімнің кітаптан алған әсерін айтып, жаңа көзқарас пен ойлардың пайда болуына себеп болды.
Талқылау барысында кітаптардың тақырыптары мен мазмұнына қатысты пікірлер айтылды, әрі оқушылардың арасында жаңа идеялар мен көзқарастар туындады. Біз осындай форматтағы кездесулердің оқуға деген қызығушылықты арттырып, ойлануға және пікір айтуға үйрететінін атап өттік.
Осындай бастамалар білім беру процесін жандандырып, оқушылардың әдебиетке деген махаббатын насихаттауда маңызды рөл атқаратынына сенеміз.



