Бүгін: 15.06.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2023 жылдың 26 қаңтарында №72 мектеп-лицейінде 7, 8, 9, 10 сыныптар арасында  «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысына педагогика және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының профессоры Тесленко А.Н. шақырылды. Ата-аналар жиналысы аясында балалар арасындағы суицид, қорлау, кибербуллинг тақырыптары қозғалды.

2023 жылдың 21-22 қаңтар күндері Астана қаласы Білім басқармасы мен М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының қолдауымен №18 ОМ, №72 МЛ, №93МЛ «Күшіміз бірлікте» атты қалалық әкелер арасында волейболдан турнир ұйымдастырды.

19.01.2023 ж №72 мектеп-лицейінің өзін-өзі басқару ұйымымен бірге қоса 9 сынып оқушылары «ҚАР ДЕСАНТЫ» АКЦИЯСЫНА қатысты. Акцияның мақсаты: патриоттық және адамгершілік тәрбие, жастардың кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, мектеп парламентті насихаттау.

№72 мектеп-лицейінде 2023 жылдың 23 қаңтарында 7 және 11 сынып оқушылары арасында Қазақстан тарихы пәнінен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны өткізілді. Ойын ХVIII ғасыр мен XIX ғасыр басын қамтыды.

17.01.2023ж мектебімізде «Зайырлылық негіздері» атты дөңгелек үстел өткiзiлдi.

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы