13.02.2024 күні «Қауіпсіз балалық шақ - Детство без опасности» он күндігінің аясында 1-4 сынып оқушыларымен «Балаларға қауіпсіздік ережелерін үйрету» тақырыбында әңгіме өткізілді. Оқушылар жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты сұрақтарға жауап берді, жұмбақтар мен ребустарды шешті және тақырыптық бейнероликтерді тамашалады. 5-7 сынып оқушылары үшін «Төтенше жағдайларда өзін-өзін ұстау» үстел ойыны ұйымдастырылды. Балалар ойын тақтасында көрсетілген сұрақтарға жауап беріп, төтенше жағдайларда туындайтын кейстерді шешті. 8-11 сынып оқушылары үшін «Алғашқы көмек қобдишасын пайдалану және оның мазмұнын білу» оқытуы өткізілді. Оқушыларға алғашқы көмек қобдишасына не кіретіндігін, қан кетуді тоқтату, «Тасбақа» әдісімен басты таңу, сонымен қатар адам естен танған жағдайда не істеу керектігін айтылып, практикада көрсетілді.