Бүгін: 12.03.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

     13.02.2024 күні №72 мектеп-лицейінде оқушылардың ата-аналары мен әжелерінің қатысуымен «Ұлттық құндылықтар - ел қазынасы» атты этно тәрбие сағаты өткізілді. Батаменен жер көгерер дей отырып іс-шара ақ батамен басталып, қазақтың ұлттық дәстүрі - шашумен ұласты. Оқушылардың аналары оюлар мен олардың түрлері және қазақ мақал-мәтелдерінің мән-мағынасын айтып түсіндірді. Осыдан кейін оқушылар топтық жұмыста ұлттық ою-өрнектерді пайдалана отырып, өздерінің мектеп формасының дизайнын жасады. Ата-аналар тымақ, кемешек, сәукеле сияқты қазақтың ұлттық бас киімдері туралы әңгімелеп, олардың шығу тарихы мен кию ерекшеліктерімен бөлісті. Тәрбие сағаты оқушылар мен ата-аналардың халық әні - «Еркем-ай» орындауымен өз мәресіне жетті.

 

 

 

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы