№72 МЛ 2-11 сыныптар аралығында «Терроризм адамзаттың қасіреті», «Терроризм туралы не білеміз» тақырыптарында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттар барысында оқушыларға терроризм және экстремизм туралы терең түсінік берілді, оның түрлері, себептері мен зардаптары туралы айтылды. Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екені түсіндірілді.