12.02.2024 №72 мектеп-лицейінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы аясында және мектепішілік Әкелер Кеңесінің қолдауымен 8-ші сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында интеллектуалды ойын өтті. Жарысқа 6 команда қатысты: «Brainstorm» - 8 «Г» сыныбы, «Сильные связи» - 8 «Д» сыныбы, «Эрудиты» - 8 «Е» сыныбы, 8 «Ж» - «FORTUNE», «Великолепный квартет» - 8 «Н» сыныбынан, және «Корень из 16» - 8 «Л» сыныбынан. Интеллектуалды ойын алты кезеңнен тұрды: қыздыру, "GDE LOGIKA", "TRIO", "SNIPER", "SUFFLE", "GO HARD OR GO HOME". Әділ жарыста үш жеңімпаз анықталды:
1. «Сильные связи»
2. «Корень из шестнадцати»
3. «Brain Storm»