Правила проведения итоговой аттестации 2025-2026 учебный год
Правила проведения итоговой аттестации на 2024-2025 учебный год
9 және 11-сынып ата-аналарына арналған жиналыс
2026 жылғы 13 ақпан күні мектебімізде 9 және 11-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған маңызды жиналыс ұйымдастырылды. Жиналыстың негізгі мақсаты – білім алушыларды қорытынды аттестаттауға сапалы даярлау мәселелерін талқылау және ата-аналармен тығыз байланыс орнату болды.
Кездесу барысында мектеп әкімшілігі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің талаптарына сәйкес өткізілетін қорытынды аттестаттаудың тәртібімен, мерзімдерімен және форматы жөнінде жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, емтихан тапсыру ережелері, академиялық адалдық қағидаттары және оқушылардың психологиялық дайындығы мәселелері қамтылды.
Жиналыс аясында ата-аналар пән мұғалімдерімен жеке кездесіп, балаларының оқу жетістіктері, білім сапасы, алдағы емтиханға дайындық деңгейі туралы нақты ақпарат алды. Мұғалімдер тарапынан пәндер бойынша дайындық жоспары, қосымша сабақтар мен консультациялар кестесі таныстырылды.
Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, өзара түсіністік пен ынтымақтастық атмосферасында ұйымдастырылды.
Мектеп ұжымы білім алушылардың қорытынды аттестаттауды сәтті тапсыруы үшін жүйелі жұмыс жалғасын табатынын атап өтті.
2025-2026 оқу жылындағы қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі

Ашық есік күні
2026 жылғы 27 қаңтарда мектепте 7-сынып оқушыларының ата-аналары мен пән мұғалімдерінің кездесуі өтті. Іс-шараға 125 ата-ана қатысты.
Кездесу барысында пән мұғалімдері оқушылардың оқу қызметіне жан-жақты талдау жасап, оқу дағдыларының қалыптасу деңгейімен таныстырды, сондай-ақ оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар берді. Бұл формат әрбір ата-анаға пән мұғалімдерімен және сынып жетекшілерімен жеке әңгімелесуге, өз баласына қатысты сұрақтарын қоюға мүмкіндік берді.
Баланың оқу үдерісі мен әлеуметтену барысын түсіну, оның жетістіктерін бағалау және уақтылы қолдау көрсету — әрбір ата-ана үшін аса маңызды. Кездесу іскерлік әрі мазмұнды жағдайда өтіп, ата-аналар тарапынан оң пікірлерге ие болды.


Мектепте ата-аналарға арналған Ашық есік күні
17.11.2025 ж. мектебімізде ата-аналарға арналған ашық есік күні өтті. Жиналыс барысында әр пән мұғалімі жеке-жеке отырып, ата-аналарды қабылдады. Ата-аналар балаларының оқу үлгерімі, сабаққа белсенділігі, үй тапсырмаларын орындау деңгейі және жалпы тәртібі туралы толық ақпарат алды. Осындай форматтағы кездесу ата-аналар мен мұғалімдердің тығыз байланысын нығайтып, оқушылардың білім сапасын жақсартуға бағытталған ортақ жұмыстың тиімділігін арттырады. Барлық ата-анаға уақыт бөліп келгендері үшін алғыс айтамыз!

Мұғалімдердің әдістемелік жұмысы мен оқушылардың ғылыми жетістіктері

2024-2025 оқу жылының қорытындысы

Пән мұғалімдерінің 5-сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесуі
2025 жылдың 15 ақпанында №72 мектеп-лицейінде пән мұғалімдерінің 5 сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесуі өтті. Ата-аналар өз сыныптарының мұғалімдерімен және сынып жетекшілерімен жеке сөйлесіп, баласының білімі мен тәрбиесі туралы сұрақтар қойып, мұғалімдерден оқу материалын жақсы меңгеру және қосымша ресурстарды пайдалану бойынша ұсыныс таралды. Ата-аналар директордың оқу жұмыс жөніндегі орынбасарлары О. Д. Ан және М.Ж. Сандыбаева, оқу процесін ұйымдастыру бойынша, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А. А. Амановамен мектепте іс-шаралар мен үйірмелерді ұйымдастыру бойынша әңгімелесе алды. Кездесу жақсы іскерлік деңгейде өтті, барлық ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

"Өзіне деген сенімділік-жетістік" тренингі
2025 жылғы 26 ақпанда 9-10 сынып пән мұғалімдері үшін оқушыларды PISA-2025 халықаралық зерттеуіне дайындау аясында "Өрлеу" АҚ қызметкерлері психологтар мен оқытушыларға қашықтықтан оқыту форматында тренинг өткізілді. Мұғалімдер іс жүзінде балаларды зерттеуге қалай дайындау керектігін, олардың тапсырмаларды орындауға деген ынтасын, функционалдық сауаттылығын арттыруды көрді. Мұғалімдермен үш жағдайда тренинг өткізілді: "Сынақ тестіндегі сәтсіздік"," Емтихан алдындағы қорқыныш","Дайындыққа уақыттың жетіспеуі". Тренингтің соңында сәтсіздіктермен күресу балаларға PISA — ға дайындалуда ғана емес, жалпы өмірде де көмектесетін маңызды дағды деген қорытындыға келді. Талдауды, қолдауды және позитивті көзқарасты қолдана отырып, олар қиындықтарды жеңіп, мақсаттарына жете алады.
____________________________________________________________________________________________________________________________________
9 И сыныбында оқушылар жиналысы
2025 жылғы 26 ақпанда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Ж. Сандыбаеваның және пән мұғалімдерінің шақыруымен 9 И сыныбында оқушылар жиналысы өтті. Майра Жақсылыковна оқушыларды 2025 жылы қорытынды аттестаттауды өткізу ережелерімен таныстырды, емтихандарды өткізу, мерзімінен бұрын тапсыру және емтихандардан босату мерзімдеріне тоқталды. Емтихан пәндері бойынша ерекшеліктер, әр емтиханды тапсыру уақыты егжей-тегжейлі қарастырылады. Пән мұғалімдері оқу материалын игеру бойынша проблемалар мен осы сыныптағы үлгерімді арттыру бойынша ұсыныстар айтты.
_______________________________________________________________________________________________
PISA-2025 ЗЕРТТЕУІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУІҢІЗ КЕРЕК? толығырақ >>>>
_______________________________________________________________________________________________________________________________
«PISA-2025» халықаралық зерттеуіне дайындық
«PISA-2025» халықаралық зерттеуіне дайындық аясында 2025 жылдың 13-14 ақпанында химия, физика, биология және география пәндерінің мұғалімдері «Өрлеу» Біліктілік арттыру ұлттық орталығы» АҚ ұйымдастырған республикалық онлайн вебинарларға қатысып, «PISA-2025» халықаралық зерттеуіне дайындау бойынша оқушыларға ұсыныстар берілді. Вебинарларда өткен жылдардағы функционалдық сауаттылық бойынша тапсырмалар және осы типтегі тапсырмалармен жұмыс істеу алгоритмі егжей-тегжейлі қарастырылды. Мұғалімдеріміз PISA-2025 тапсырмаларымен жұмыс істеу бойынша көптеген материалдарын, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту сабақтарында жұмыс істеу әдістерімен танысты. Бұл вебинарлар жоғары деңгейде өтіп, ұстаздарымыз үшін өте пайдалы болды.


2025-2026 оқу жылының 3 тоқсан оқу үлгерімі
2025-2026 оқу жылының 2 тоқсан оқу үлгерімі
2025 жылғы 29 желтоқсанда педагогикалық кеңес өтіп, оған Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академияның Стратегия және талдау орталығының жетекші сарапшысы Абильякимова Аида Қуандыковна арнайы шақырылды.
Ол «Оқу үдерісіндегі жасанды интеллект: PISA-2029 қандай ИИ-дағдыларды бағалайды?» тақырыбын мемлекеттік және орыс тілдерінде тренинг форматында жан-жақты әрі мазмұнды түрде ашып көрсетті.
Мультимедиялық презентация арқылы жасанды интеллект көмегімен құрастырылған PISA тапсырмаларының оқырмандық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылыққа арналған үлгілері ұсынылды. Сондай-ақ Аида Қуандыковна оқушылардың түсіну, талдау және синтез жасау дағдыларын дамытуға бағытталған үй тапсырмаларының түрлеріне тоқталды.
Кездесу іскерлік әрі жағымды атмосферада өтті.
2025-2026 оқу жылының 1 тоқсан оқу үлгерімі
2025-2026 оқу жылының басындағы оқу үдерісін ұйымдастыру
2024-2025 оқу жылының 4 тоқсан оқу үлгерімі
2024-2025 оқу жылының 3 тоқсан оқу үлгерімі
2024-2025 оқу жылының 2 тоқсан оқу үлгерімі

28.10.2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ І-ТОҚСАН НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША ӘБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Отырыс барысында «Айтылым мақсаттарына сай тапсырмалар құрастыру ресурстары» тақырыбында коучинг өткізілді.
Мақсаты: Сабақ барысында «айтылым» дағдысының оқу мақсатына жету жолында тапсырмаларды сандық ресурстарды қолданып, құрастырудың тиімді жолдары.
АЙТЫЛЫМ - тілдік төрт дағдының бірі және продуктивті дағдылар қатарына жатады, мұнда тілді қабылдап үйренуден гөрі оны қолдану, сөйлеу көрініс табады; өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсу барысында ойды жеткізу үшін тілдік бірліктер қолданылады; екі немесе одан да көп адамның адамзатқа немесе қоршаған әлемде болып жатқан жағдайларға қатысты идея алмасып, өзара талқылауы; ақпаратты жасау, қабылдау және өңдеуді қамтитын интербелсенді процесс.
Коучинг барысында:
1.Топтық талқылау болды.
«Мен оқушыларымның айтылым дағдысын қалай дамытамын?»
Мұғалімдер топқа бөлініп сандық ресурстары бойынша түрлі тапсырмалар орындады.
1.Топ: Монолог– сөйлеуші өз ойын бір, бірнеше адамға, көпшілікке немесе өзіне арнап айтатын ауызша сөйлеу әрекеті
2.Топ: Диалог - екі немесе бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы пікір алмасатын ауызекі сөйлеу түрі
3.Топ: Полилог – үш немесе одан да көп адамдардың сөйлесуі



Коучинг тиімді және нәтижелі өтті.
ӘБ жетекшілері:Т1,Т2 Шайсултанова С.К.,Теміржанова М.А.
ӨНЕР ПӘНДЕРІ БІРЛЕСТІК АПТАЛЫҒЫНЫҢ ЕСЕБІ
Мектебімізде қыркүйек айының 15.09.2025 мен 26.09.2025 аралығында Өнер бірлесігінің «Өнерлі ұрпақ-өмірдің жарқын болашағы» атты тақырыпта апталығымызды бастадық . Әдістемелік бірлестікте 10 ұстаз жұмыс жасайды. Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін және шығармашылық белсенділігін дамыту, алған білімдерін өмірде қолдану және өзара іс-тәжірибе алмасу. Дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Оқушылардың бойындағы көркемдік-эстетикалық мәдениетін қалыптастыру,талантты және қабілетті оқушылардың бойындағы шығармашылық қасиеттерін дамыту. 15.09.2025 күні «Өнерлі ұрпақ-өмірдің жарқын болашағы» атты апталықтың ашылу салтанаты өткізілді. Ашылу салтанатында апталықтың жоспары құрылымы айтылып, оқушылар өлең, би өнерлерін көрсете білді. Апталықта ашық сабақтар мен қызықты сыныптан тыс іс-шаралар өткізіліп жатыр. Апталықтын алғашқы күні мектебіміздің мұғалімдеріне және оқушыларына қызықты ойындар өткізілді. “Көтеріңкі көңіл күй” атты мұғалімдер арасында ойын, “Еңбек –бәрін жеңбек” атты тақырыпта көрме өткізілді.




ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ОНКҮНДІГІ
2025 жылдың 14–25 сәуірі аралығында мектебімізде “Гарри Поттер және бәсекеге қабілетті ұрпақ” ұранымен физика және информатика апталығы өтті.
Апталықтың мақсаты — оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, ғылыми ойлауды қалыптастыру және бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу үшін қызықты әрі креативті оқыту түрлерін қолдану болды.
Апталық аясында ұйымдастырылды:
• Aшық сабақтар, ғылыми форумдар, практикалық жұмыстар және физикалық тәжірибелер көрсету.
• Тақырыптық іс-шаралар: «Бізді қоршаған физика», «Жай механизмдер», «Физика — ғажайып әлем», «Физика — XXI ғасыр көшбасшысы» және тағы басқалар.
• Интеллектуалды ойындар, бағдарламалау турнирлері және викториналар.
• “AMANAT” партиясымен бірлескен “Балалықтың базасын бірге қалаймыз” тақырыбындағы мастер-класс.
• ОМУ-мен бірлескен “Ғарыштық технологиялар – қазіргі заман жетістігі” тақырыбындағы конференция.
Барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өтіп, оқушыларды білімге ұмтылуға, креативтілік пен ғылыми көзқарасты дамытуға ынталандырды.


ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ ОНКҮНДІГІ
№72 мектеп-лицейінде 2025 жылдың 17 ақпаны мен 28 ақпаны аралығында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі өтті. Пәндік онкүндік – пән бойынша сыныптан тыс жұмыс түрлерінің бірі. Апталық барысында мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері, қызығушылықтары мен тілектері ескеріліп, оқу іс-әрекетінің әртүрлі формалары мен әдіс-тәсілдері қолданылды.
Негізгі мақсаттары:
- оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
- танымдық белсенділікті қалыптастыру;
- ой-өрісін кеңейту;
- балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- пәндік онкүндіктің оқушылардың оқытылатын пәндерге деген қызығушылығын дамыту мен бағалау;
Негізгі міндеттері:
- орыс тілі мен әдебиетінен онкүндікте барлық оқушыларды жұмысқа тарту;
- мерекелік шығармашылық атмосфераны құру;
- викториналар, көрмелер, сабақтар, жарыстар өткізу.
Онкүндік жоспар оқушылардың нақты коммуникативтік қажеттіліктерін ескере отырып құрастырылды және оның мазмұны барлық талаптарға сай болды. Ашық сабақтармен қатар орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері «Орыс тілі білгірлерінің турнирі», «Квест ойыны» әдеби қоспасы, «6-сыныпта оқыған шығармаларға саяхат» әдеби калейдоскопы, «Орыс тілінің сыры» зияткерлік ойыны, «Орыс тілі» поэзиясы кеші» атты сыныптан тыс іс-шаралар көрсетті.
Онкүндіктің қорытындысы шығарылды. Барлық қатысушылар дипломдармен, сертификаттармен және алғыстармен марапатталды. Он күндік жоспар орындалды, барлық іс-шаралар жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Жоспарланған іс-шаралар оқушылардың жалпы тілдік, шығармашылық, интеллектуалдық және танымдық қабілеттерін көрсетуге және дамытуға, олардың эрудициясы мен ой-өрісін кеңейтуге көмектесті.


МАТЕМАТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІКТІҢ ОНКҮНДІГІНЕ
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ
Апталықтың мақсаты: Математикалық мәдениетті қалыптастыру, математикалық сауаттылықты дамыту, ашық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу арқылы педагогтар кәсіби шеберлігін жетілдіру;
Апталықтың міндеттері:
- Оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру;
- Пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау және озат тәжірибені тарату.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
| № | ІС-ШАРАЛАР | ӨТКІЗУ УАҚЫТЫ | МАҚСАТЫ | ҚАТЫСУШЫЛАР | НӘТИЖЕСІ |
| 1 | «Иррационал өрнектерді түрлендіру» Ашық сабақ | 1-күн Ермагамбетова С.С 11 «Ә» |
Алгебралық өрнектермен амалдар орындау үшін рационал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдану. | 1. Дюсенова А.Ж 2. Жакупова Т.Ш 3. Сандыбаева М.Ж 4. Заманбекова А.О 5. Каримова Н.Ж 6.Кожемсеитова Г.М 7. Тасубаева Г.С 8. Сеитова А.С |
Мұғалімдер белсенді әдістерді меңгерді, тәжірибе алмасты. Алгебралық өрнектермен амалдар орындау үшін рационал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолданды. |
| 2 | «Математикалық мозаикаларды ұлттық нақыштағы құрақ үлгісімен ұштастыру» сыныптан тыс іс-шара |
2-күн Молдахметова К.Б Сеитова А.С 11 «Б» |
Оқушылар мен ата-аналар арасындағы байланыс орнату; Математикалық фигуралармен ұлттық құрақ өнерін біріктіру арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу; |
1. Абишева М.Ж 2. Ерланова Ұ.Е 3. Заманбекова А.О 4. Каримова Н.Ж 5. Карманбаева Г.К 6. Кемелбекова Б.Р 7. Кожемсеитова Г.М 8. Молдахметова К.Б 9. Мукатаева А.М 10. Мусакулова А.К 11. Мусина К.Б 12. Муханова Д.Ш 13. Садиров Б.К 14. Сеитова А.С 15. Тажина Г.С 16. Тасубаева Г.С |
Оқушылар мен ата-аналар арасындағы байланыс орнатылды, оқушыларға шығармашылық тапсырмаларды беру әдістері қарастырылды. |
| 3 | «Математикалық таңбалар биі» | «Бір тұтас тәрбие» жобасы аясында «Денсаулық күніне» орай 8-сынып оқушыларымен жаттығу жұмысын орындату; | Сеитова А.С 11 «Б» сынып |
Оқушылар жаттығу, би орындады | |
| 4 | «Сложение и вычитание обыкновенных дробей с разными знаменателям» Ашық сабақ |
3-күн Кожемсеитова Г.М 5 «IT» |
Применять полученные знания при решении практических задач | 1. Дюсенова А.Ж 2. Жакупова Т.Ш 3. Сандыбаева М.Ж 4. Ан О.Д 5. Заманбекова А.О 6. Каримова Н.Ж 7. Муханова Д.Ш 8. Тажина Г.С 9. Мусакулова А.К 10. Абишева М.Ж 11. Сеитова А.С. |
Сабақтарда жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша әдістер қолданылды. Применяли полученные знания при решении практических задач. |
| 5 | «Счастливый случай» сыныптан тыс іс-шара |
3 күн Муханова Д.Ш |
Формирование положительной мотивации к изучению математики | 1. Ерланова Ұ.Е 2. Заманбекова А.О 3. Каримова Н.Ж 4. Мусакулова А.К 5. Кемелбекова Б.Р 6. Карманбаева Г.К 7. Сеитова А.С |
Воспитание чувства коллективизма, товарищества, взаимовыручки, творческого мышления. |
| 6 | «Простейшие тригонометрические уравнения» Ашық сабақ | 4-күн Мусакулова А.К 10 «В» |
Обобщение и систематизация знаний, формирование интереса к математике, активное вовлечение каждого учащегося в процесс урока | 1. Дюсенова А.Ж 2. Жакупова Т.Ш 3. Абишева М.Ж 4. Ерланова Ұ.Е 5. Каримова Н.Ж 6. Карманбаева Г.К 7. Мусина К.Б 8. Муханова Д.Ш 9. Садиров Б.К 10. Сеитова А.С 11. Тасубаева Г.С |
Учащихся научились согласованно трудиться над общим заданием, помогал друг другу. |
| 7 | «Сложение и вычитание обыкновенных дробей с разными знаменателям» Ашық сабақ |
4-күн Каримова Н.Ж. 5 «Е» |
Выполнять сложение и вычитание дробей с разными знаменателями. | 1. Дюсенова А.Ж 2. Сандыбаева М.Ж 3. Ан О.Д 4. Абишева М.Ж 5. Мусакулова А.К 6. Кожемсеитова Г.М 7. Мукатаева А.М 8. Садиров Б.К 9. Сеитова А.С 10. Тасубаева Г.С 11. Кемелбекова Б.Р |
Выполняли сложение и вычитание дробей с разными знаменятелями |
| 8 | «Кім жылдам?» | 5-күн Садиров Б.К 7-8-сыныптар |
7-8 сынып оқушылары арасынан үздік, жылдам оқушыны анықтау; | Үздік оқушыны анықтады | |
| 9 | «Клуб веселых математиков» | 10-сынып пән мұғалімдері | Оқушыларды сыныптан тыс іс-шараға белсене қатыстыру; | 1. 10-сынып мұғалімдері 2. Муханова Д.Ш 3. Абишева М.Ж 4. Сеитова А.С |
Сыныптан тыс қалжың мен математиканы байлагыстыра білді. Оқушылар арасындағы бірлестікті сезіне білді. |
| 10 | «Жасанды интелектінің білім саласындағы мүмкіндіктер» шебер-сынып | 6-күн Заманбекова А.О |
Ашық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу арқылы педагогтар кәсіби шеберлігін жетілдіру | 1. Абишева М.Ж 2. Ерланова Ұ.Е 3. Заманбекова А.О 4. Каримова Н.Ж 5. Карманбаева Г.К 6. Молдахметова К.Б 7. Мукатаева А.М 8. Мусина К.Б 9. Муханова Д.Ш 10. Сеитова А.С 11. Тажина Г.С 12. Тасубаева Г.С 13. ӘБ Қазақ тілі 1-2 14. ӘБ орыс тілі -2 15. ӘБ Жаратылыстану -2 16. ӘБ ағылшын-1 17.ӘБ тарих -1 18. ӘБ Эстетика-2 19. ӘБ Бастауыш орыс -1 |
Мұғалімдердің жасанды интеллекті тереңірек ұғынып, практикада қолданысы кеңінен ашылды. Ұстаздар ЖИ 3 бағдарламасымен танысып, практикалық жұмыстар жасады. |
| 11 | «Спорт, математика, я-друзья» интеллектуальная эстафета | 7-күн Кожемсеитова Г.М 5-сыныптар |
Спорт пен математиканы байланыстыру арқылы ата-ана –бала –мұғалім одағын бекіту | 1. Сеитова А.С 2. Мусина К.Б 3. Заманбекова А.О 4. Молдахметова К.Б 5. Тажина Г.С 6. Тасубаева Г.С 7. Каримова Нурбике Жуматовна 8. 5-сынып жетекшілері (5 «К»; 5 «Ж»; 5 «IT») |
Ата - ана - бала - мұғалім байланысы бекітілді. |
| 12 | «Аралас сандарды қосу және азайту» ашық сабақ | 7-күн Молдахметова К.Б 5 «Г» |
Аралас сандарды қосу мен азайтуды орындау. | 1. Сандыбаева М.Ж 2. Ан О.Д 3. Абишева М.Ж 4. Ерланова Ұ.Е 5. Заманбекова А.О 6. Карманбаева Г.К 7. Кемелбекова Б.Р 8. Кожемсеитова Г.М 9. Мусакулова А.К 10. Сеитова А.С |
Оқушылар сабаққа белсенді қатытырылды. Жасанды интеллект бағдарламалары орынды қолданылды. |
| 13 | «Аралас сандарды қосу және азайту» ашық сабақ | 8-күн Садиров Б.К 5 «IT» |
Аралас сандарды қосу мен азайтуды орындау. | 1. Дюсенова А.Ж 2. Сандыбаева М.Ж 3. Ан О.Д 4. Абишева М.Ж 5. Мусакулова А.К 6. Мукатаева А.М 7. Сеитова А.С 8. Кемелбекова Б.Р 9. Молдахметова К.Б 10. Марал А. |
Математикалық тілде сөйлеуі, практикалық жұмыста белсенді болды. |
| 14 | «Қызық екен» математикалық танымдық сайыс | 9-күн Мукатаева А.М 10-сыныптар |
Танымдық сайыс арқылы оқушыларды математикаға қызықтыру; пән байланыстары арқылы қызықты мәліметтермен таныстыру; | 1. Сеитова А.С 2. Ерланова Ұ.Е 3. Заманбекова А.О 4. Тажина Г.С 5. Тасубаева Г.С 6. Мусина К.Б |
Сайысарқылы пәнге деген қызығушылықты арттырды. Математика ғылымы туралы қызықты деректермен танысты, математика пәніне деген қызығушылығы артты. |
| 15 | «Пиза есептеріндегі арифметикалық прогрессияныңқолданысы» ашық сабақ | 10-күн Кемелбекова Б.Р 9 «В» |
Арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы т мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану, Пиза деңгейңне сәйкес байланыс орнату | 1. Дюсенова А.Ж 2. Жакупова Т.Ш 3. Көпбаева Ж.О 4. Ерланова Ұ.Е 5. Заманбекова А.О 6. Каримова Н.Ж 7. Кожемсеитова Г.М 8. Молдахметова К.Б 9. Мусакулова А.К 10. Мусина К.Б 11. Муханова Д.Ш 12. Садиров Б.К 13. Сеитова А.С 14. Тажина Г.С 15. Тасубаева Г.С 16. Сатыбалдиева Н.К 17. Боранбаева Б.К |
Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануы дамытты. |
| 16 | «Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар» ашық сабақ |
10 күн Абишева М.Ж |
Арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы т мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану | 1. Сандыбаева М.Ж 2. Ерланова Ұ.Е 3. Заманбекова А.О 4. Каримова Н.Ж 5. Кожемсеитова Г.М 6. Мусакулова А.К 7. Мусина К.Б 8. Муханова Д.Ш 9. Сеитова А.С 10. Тасубаева Г.С 11. Сатыбалдиева Н.К |
Арифметикалық прогрессияға байланысты қолданбалы есептер шығарды. Өмірлік жағдаяттармен байланыс болды. Жасанды интеллект орынды қолданылды. |
| 17 | «Зерделіге бір қадам» («Зерде»жобасы аясында) |
11-күн |
Оқушыларға шығармашылық тапсырмаларды беру әдістері қарастырады. | Барлық пән мұғалімдері | Оқушыларға шығармашылық тапсырмаларды беру әдістері қарастырылып, шығармашылық жобаға қатысты. |
| 18 | «Купондар жәрмеңкесі» логикалық тапсырмалар |
15 минуттық қоңырау |
Логикалық есептер, сұрақтар арқылы оқушыларды пәнге ынталандыру. | Оқушылар пәнге қызықтырылды, жарыстарға белсене қатыстырылды. |
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
| ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕР | АЛДАҒЫ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ | ӘБ ТИІМДІЛІГІ |
| Мұғалімдер жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгерді, оқу үдерісінде қолдануға дайын. | Әдіс-тәсілдерді одан әрі қолдану, мұғалімдер арасында тәжірибе алмасуды жалғастыру. Ата-аналармен жұмыс жасауды жетілдіру. | Мұғалімдердің кәсіби деңгейі артты, жаңа идеялар мен тәжірибелер енгізілді. |

Өнер пәндері бірлестік апталығы
Мектебімізде желтоқсан айының 02.12.2024 мен 13.12.2024 аралығында Өнер бірлесігінің «Дәстүрлі емес әдіс-тәсілдер мен заманауи технологияларды тиімді қолдану» атты тақырыпта апталығы өтті. Әдістемелік бірлестікте 9 ұстаз жұмыс жасайды. Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін және шығармашылық белсенділігін дамыту, алған білімдерін өмірде қолдану және өзара іс-тәжірибе алмасу. Дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Оқушылардың бойындағы көркемдік-эстетикалық мәдениетін қалыптастыру,талантты және қабілетті оқушылардың бойындағы шығармашылық қасиеттерін дамыту. 02.12.2024 күні «Дәстүрлі емес әдіс-тәсілдер мен заманауи технологияларды тиімді қолдану» атты апталықтың ашылу салтанаты өткізілді. Ашылу салтанатында апталықтың жоспары құрылымы айтылып, оқушылар өлең, би өнерлерін көрсете білді. Апталықта ашық сабақтар мен қызықты сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Апталықтын алғашқы күні мектебіміздің мұғалімдеріне және оқушыларына қызықты ойындар өткізілді. “Кел, боямақ бояйық” атты тақырыпта боямақта бояу және “Көтеріңкі көңіл күй” атты мұғалімдер арасында ойын, “Өнер-ұлттың асыл қазынасы” атты тақырыпта көрме өткізілді.



02.12.24 күні музыка пәні мұғалімдері оқушылардың қоңырау уақытын тиімді өткізу мақсатында «Көңілді қоңыраулар» шарасында оқушыларға мектебімізде «Караоке» ұйымдастырды.
03.12.2024 күнгі ашық сабақтар және іс-шаралар өткізілді. «Халқөы музыкасын өңдеу» тақырыбында Есмағанбетов Жасұлан Бауыржанұлы 5 «Г» сыныбында және Исина Ризагуль «Изготовление изделия. Декорирование изделия» 6 «М» сыныбында ашық сабақтарын өткізді. Ашық сабақтар өтежоғары деңгейде өткізілді. Сабақтар өз мақсаттарына жетті.

03.12.2024 күні үзіліс уақыттарында «Кел, біргежасайық!» атты тақырыпта көркем еңбек пәні мұғалімдері Усенова М.А және Сарина Х.Б ұйымдастырған «Дәстүрлі емес әдіс-тәсіл арқылы сурет салу» техникасында сурет салу іс-шарасы өткізді. Оқушыларға қызықты әрі уақытты тиімді өткізді.

04.12.2024 күні «Отаным-бақ мекенім» атты ән байқауын, сыныптан тыс іс-шараны музыка пәні мұғалімдері Арынова С.Т, Ерназарова А.Ғ және Есмағанбетов Ж.Б 5-сыныптар арасында өткізілді. Ән байқауы Елімізді Тәуелсіздік мерекесіне орай таңдалып, өте жоғары деңгейде өткізіді. Сыныптар арасында жеңімпаздар анықталып,и жүлделі орындар берілді.

05.12.2024 күні «Музыкальные дома» тақырыбында музыка пәні мұғалімі Арынова С.Т 3 «Д» сыныбында ашық сабағын өткізді. Сабақ өз мақсатына жетті, оқушылар белсенді қатысты. 6 “Г” сыныбында «Тоқу өнері» тақырыбында Төлеген М.Т ашық сабағын өткізді. Сабақ өз мақсатына жетті. Оқушылар тоқудың түрлерімен танысып, игере бастады.

06.12.2024 күні ашық сабақтар және іс-шаралар өткізілді. 3 “М” сыныбында «Музыкальные кирпичики» тақырыбында Ерназарова А.Ғ және 7 “М” сыныбында «Выполнения художественной росписи» тақырыбында Оспанова Д.К өз ашық сабақтарын өткізді. Сабақ өте жоғары деңгейде өткізілді және 9-сынып қыз балалары арасында «Новогодняя кулинария» тақырыбында Исина Р.М мен усенова М.А сыныптан тыс іс-шара өткізді.

“Кел, бірге жасайық” алаңында көркем еңбек пәні мұғалімдері Исина Р.М жіне Тайшығарин Т үзіліс уақытында тиімді қолдану үшін қызықты сурет және макет жасау сайыстарын өткізді.

09.12.2024 және 10.12.24 күндері ашық сабақтар мен іс-шаралар өткізілді. 5 “IT”сыныбында «Өру өнері. Өру (тоқу) түрлері» тақырыбында Тайшығарин Т, 9 “Г” сыныбында «Эксперимент по созданию коллекций одежды, аксессуаров для собчтвенного имиджа» тақырыбында Усенова М.А және 5 “IT”сыныбында «Өру өнері. Өру (тоқу) түрлері» тақырыбында ашық сабақтар өткізілді. Сабақтар өте жоғары деңгейде өтті, мақсаттарына жетті.

10.12.2024 күні 7-сыныптар арасында көркем еңбек пәні мұғалімдері Оспанова Д.К, Төлеген М.Т және Сарина Х.Б ұйымдастыруымен «Жас суретшілер» сайысы өткізілді. Сайысқа әр сыныптан бір оқушы шақыртылып, дәстүрлі емес әдіс-тәсілдер арқылы сурет салу сайысы өткізілді. Сайыс қызықты өтті.

02.12.2024-13.12.2024 аралығында өткізілген апталығымыз жоғары деңгейде өтті. Апталықта өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар барлығы өткізіліп өз мақсаттарына жетті.
