Бүгін: 12.03.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

     Бүгін, 1 қыркүйек мектебімізде «Мектебім-мейірім мекені» атты білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Мерекелік іс-шарада мектеп директоры Дюсенова Айман Жумагалиевнаның жиналған қауымды құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тілеуінен басталды. Білім ордасы 1 сыныпқа  475 оқушы қабылдап, алғашқы қадамдарына сәт-сапар тіледі. Мерекелік іс-шарада 1 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетсе, мектеп түлектері  бүлдіршіндерге «Білім» кілтін табыстады. Шара соңы ең маңызды, ең қымбат сәт алғашқы қоңырау соғу рәсімімен аяқталды. Сонымен қатар, барлық сыныптарда «Менің Отаным-Қазақстан» атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: жаңа оқу жылының қарсаңында оқушыларға жағымды көңіл-күй сыйлап, оқушыларды отансүйгіштікке баулу, қоршаған ортаға оң көзқарас қалыптастыру.

  

   

    

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы