Бүгін: 12.03.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

20.06.2024 күні №72 мектеп-лицейінің «Балдырған» жазғы мектепалды лагерінде бүгін қызықты, әрі ауқымды жұмыс атқаралды. Күндегідей таңғы жаттығудан басталған бұл іс-шара топтардың эстафеталық спорттық жарыстарына қатысумен жалғасты. Әрбір команда берілген кедергілерден сүрінбей өтіп, нәтижесінде мадақтау қағаздарымен марапатталды. Мұндай спорттық іс-шара оқушыларға жақсы әсер етіп, олардың спортқа деген сүйіспеншілігі мен белсенді өмір салтына баулиды, төзімділікке, ұжымда жұмыс істей білуге тәрбиелейді. Мектепті көріктендіру – мектеп оқушыларының денсаулығы мен жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасаудың маңызды және таптырмас бөлігі. Дәл осындай мақсатта «Мен және Табиғат» атты экологиялық іс-шарада жас бүлдіршіндер мектеп ауласындағы ағаштарды суарды. 

 

 

 

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы