Бүгін: 12.03.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 2024 жылдың 17 маусымындад «Балдырған» жазғы мектеп лагері екінші маусымын ашты. Жаз - демалыс, шытырман оқиға және жаңа эмоциялар уақыты. «Балдырған» лагерінің қарқынды бағдарламасы оқушылардың есінде ұзақ сақталады, өйткені лагерьдегі жұмысты жоспарлау және іс-шараларды өткізу балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі.
Таңертеңнен бастап лагерь аумағында әуен ойналып, көңілді, балалардың күлкілері естіліп, қызықты лагерь өмірі басталды. Лагерьдің тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес, бірінші күні балалар ауысымның ашылуына дайындала бастады. Мұғалімдермен бірлесе отырып, жасақ атауларын, ұрандарын ойлап тауып, жасақ бұрыштарын жасады. Барлығы мерекеге тыңғылықты дайындалды. Ойын-сауық және ойын бағдарламасы барлығына ұнады. Бұл күн балаларға көптеген ұмытылмас әсер қалдырды.

  

 

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы