№72 мектеп-лицейінде бүгін 03.06.2024ж «Интеллект» профилді лагері мен "Балдырған" мектеп жанындағы жазғы лагерінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып, мектеп директоры Дюсенова Айман Жұмағалиқызының құттықтау сөзімен жалғасты. Жазғы лагерьдің көңілді, қызықты өтуімен құттықтап Астана қаласы Мәслихат депутаты Е.Е. Дакенов пен Астана қаласы Әдістемелік орталығының әдіскері А.Б. Байтемирова келді. Жазғы лагердің ашылуына 546 оқушы қатысты. І маусым "Балдырған" мектеп жанындағы лагерге 357 оқушы, 5-8 сыныптарға арналған "Профилді" лагерге 315 бала қамтылды.