12.06.2024 күні №72 мектеп-лицейінде Әкелер күні мерекесіне орай оқушылар мен ата-аналар арасында футболдан спорттық жарыс өткізілді. Мақсаты: оқушылардың спортқа және салауатты өмір салтына деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу, сондай-ақ отбасындағы әкенің дұрыс және оң әлеуметтік мәртебесін дамыту үшін балаларға жолдау жасау. Әр сынып оқушылары мен олардың ата-аналарынан құралған командалар футбол алаңында өзара жарысып, тамаша ойын көрсетті. Ойын соңында командалар мақтау қағаздарымен марапатталды. Осындай іс-шараларды өткізу арқылы біз ата-аналар мен оқушыларды бірлескен іс-шараларға баулу, ата-анаға деген құрметті тәрбиелеу, балалардың бойында жауапкершілік, достық, өзара көмек көрсету сезімін ояту арқылы ата-аналар мен оқушылардың ауызбіршілігін арттырамыз.