Әр аптаның сенбі күні №72 мектеп-лицейінде тазалық шарасы өткізілуде. 27.04.2024 күні №72 мектеп оқушылары мен ата-аналары «Жасыл аймақ» сенбілігіне қатысты. Сенбілік жұмыстарына мектеп қызметкелері, оқушылар, ата-аналар мен еріктілер қатысты. Әрбір сынып өзіне жүктелген аумақты қоқыстан тазартып, ағаш көшеттерін отырғызып, суару жұмыстарын жүргізді. Шараға қатысушылар сенбіліктің маңыздылығын жақсы түсініп, белсенді жұмыс істеді.