№72 мектеп-лицейде «ТАЗАРУ» ұлттық экологиялық акциясы аясында «ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ» экожобасы ұйымдастырылды. Мақсаты-оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру, экологиялық жауапкершілікті тәрбиелеу және экологиялық әдеттерді қалыптастыру және балалар мен жасөспірімдерді экология және қоршаған ортаны қорғау проблемаларымен таныстыру, қоршаған әлемге адамгершілік қатынасты қалыптастыру. Оқушылар экология және табиғатты қорғау саласында өз жобалары мен плакаттарын ұсынды.Жас экологтар қоршаған ортаға ұқыпты қарау туралы үгіт-насихат жүргізді.