Бүгін: 12.03.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

12.04.2024 күні №72 мектеп-лицейінің 10-жылдық мерейтойына арналған мерекелік концерт өткізілді. Іс-шараға Астана қаласы Білім басқармасынан құрметті қонақтар, мектеп директорлары, ардагер ұстаздар, 10 жыл ішінде мектепті бітіріп кеткен түлектеріміз шақырылды. Мерекелік концертте мектептің қалануына үлес қосқан ұстаздар марапатталып, оқушылар өнері мен ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп жүрген  "Әжелер" мектебі,  мектеп өмірінде бала тәрбиесіне үнемі ат салысып жүрген "Әкелер" мектебі, сонымен қатар оқушыларды жалпыадамзаттық құндылықтарға тәрбиелеп, шебер сыныптар мен үлгі-өнеге көрсететін "Аналар" мектебінің  жұмыстары көрсетілді. Концерт театрландырылған форматта өткізіліп, көрерменнің жүрегінен ерекше орын алды. Мектептің алғашқы директоры Жусупова Гульсим Асылқызы мен қазіргі уақытта мектеп тізгінін қолында ұстап отырған №72 мектеп-лицей директоры Дюсенова Айман Жумагалиевналарға барша мектеп қауымы мен мектеп түлектері, ата-аналары өз алғыстарын білдірді.

  

   

  

 

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы