15.03.2024 күні №72 МЛ «Наурыз Шуағы» ауқымды іс-шаралар аясында Қайырымдылық Жәрмеңкесі өткізілді. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық. Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың бойына ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сынды асыл қасиеттерді дарыту, риясыз мейірімді болуға үйрету, ой, сөз , қол бірлесітігі туралы ұғымын кеңейту.