Бүгін: 12.03.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

18.03.2024 күні №72 мектеп-лицейінде «Ұлттық киім күні» аясында қазақтың ұлттық киімінен дефиле өткізілді. Ұлттық киім күні – киім үлгісі арқылы әр адамға өз даралығын білдіруге, сонымен қатар Қазақстанның бірлігі мен мәдени әралуандығын танытуға мүмкіндік береді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды қазақ мәдениеті мен ұлттық бірегейлігін мақтан тұтуға, ата-бабаларымызға құрмет көрсетуге және озық дәстүрлерімізді қазіргі заманға жалғауға үйрету. Оқушылар өздерінің киім үлгілерін көрсетіп қана қоймай, халық әндерін орындау, би билеп, домбыра шерту өнерлерін де көрсетті. Іс-шара соңында ең үздік киім мен әшекей бойынша орындар берілді.

   

  

  

 

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы