12.03.2024 күні Алматы ТЖД ұйымдастыруымен өткен «Азаматтық қорғау саласының білгірі» интеллектуалды ойынында №72 мектеп-лицейінің «Қаһарман» командасы қатысып, 1-ші орынға ие болды. Мақсаты - өзін-өзі қорғаудың қажетті дағдыларын игеру және де әртүрлі төтенше жағдайлар туындаған кезде өзін қалай ұстау керектігі жөнінде үйрету. Ойын бірнеше кезеңнен тұрды: Сұрақ-Жауап – ұпай саны бар ұяшықтарды таңдау арқылы сұраққа жауап беру немесе берілген жағдаяттың шешімін табу; газқағарды уақытқа кию; эвакуация жоспарын есте сақтау және оны суретте көрсету.