12.03.2024 күні №72 мектеп-лицейінде «Наурыз шуағы» бірыңғай ауқымды іс-шаралар аясында «Ұлы Дала тарланы» - ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. Мақсаты – оқушылардың ұлттық ойын түрлеріне қызығушылықтарын ояту, ой-өрісін кеңейту. Іс-шара барысында арқан тарту, асық ойыны мен қол күресінен жарыстар өткізілді. Оқушылардың қазақ ойындары туралы меңгерген ақпараттары толықтырылып, ойын шарттары туралы білімдері шыңдалды. Сонымен қатар, олардың есте сақтау, ойлау, саусақ қол моторикасы дамытылды.