11.03.2024 күні «Наурыз шуағы» бірыңғай ауқымды іс-шаралар аясында №72 мектеп-лицейінде Шеберлер күні - «Жеті қазына» сәндік қолданбалы шығармашылық көрмесі өткізілді. Көрмеге ою-өрнекпен әсемделген қуыршақтар, бейнелеу суреттері, ұлттық сәукелелер мен құрақтар қойылды. Мақсаты: қазақтың ұлттық мәдениетін, халық қолөнерін, кесте тігу, құрақ тігу, т.б өнерлерін кеңінен насихаттау және дамыту.