2024 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толады. Осы оқиғаға орай 2024 жылдың 27 ақпанында №72 мектеп-лицейінде 9-сынып оқушылары мен Ауған соғысының ардагерлері Кабиев Сембек Мажитұлы, Фасхудиновы Ильдус Хамматович пен Адильбеков Ержан Муханович арасында кездесу кеші өтті. Оқушылар әскери борышын өтеген сарбаздардың ерлігі мен батылдығы туралы ақпарат алды. Экранда әскери кадрлар көрсетіліп, әндер шырқалды, оқушылар сахналық көріністерін көрсетіп, өлеңдер оқыды. Кездесуге қатысушылар Ауғанстанда және барлық жергілікті соғыстар мен қақтығыстарда қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.