23.02.2024 күні №72 мектеп-лицейінде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жұмысы аясында кезекті бірыңғай ашық есік күні өткізілді. «Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер» тақырыбында жүзеге асырылған бұл іс-шарада бір мезгілде алты аймақ өз жұмысын атқарды.
1 аймақ. «Training «Баланың негізгі жас дағдарыстары» - ата-аналармен мектеп психологтары және 4-ші сыныптың жетекшілері отбасындағы байланысты нығайтуға көмектесетін қасиеттермен жұмыс істеу үшін өнімді уақыт өткізді.
2 аймақ. «Әке – бәйтерегім, ұлым – мұрагерім - 9-шы сынып оқушылары мен Әкелерінің қатысуымен интеллектуалды викторина мен кездесу өткізілді.
3 аймақ. Workshop «Қыз ғұмырдың құпиялары» - аналар мен мұғалімдердің қолдан жасалып, оюлармен безендірілген әртүрлі бұйымдарды жасаумен ерекшелінді.
4 аймақ «Батаның қандай түрлері бар, бата бергенде қандай мәселе қозғалады» - оқушылардың аталары мен әжелері балаларға батаның шығу тарихы, түрлері, батаны оқу ерекшеліктері туралы өз даналықтарымен бөлісті.
5 аймақ «Келесі айдың үздік сәттері» сынып жетекшілер және пән мұғалімдері ата-аналармен әңгімелесу.
6 аймақ. Сабақ кестесіне сәйкес ата-аналардың сабаққа қатысуы.
7 аймақ. «8 минуттық оқу» жобасын қорытындылау - 10-шы сынып оқушылары мен жетекшілері интеллектуалды ойын өткізді.