20.02.2024 күні жас ұрпақтың бойында экологиялық мәдениет қалыптастыру мақсатында №72 мектеп-лицейінде «Превратим отходы в доходы» тақырыбында марафон өткізілді. Марафонға 6-шы сынып оқушыларынан құралған: «Планета» (6 «Д»), «Эко-тим» (6 «К»), «Одна команда, одно сердце, одна цель» (6 «Л»), «Защитники экологии» (6 «М»), «Eco Women» (6 «Н»), «Юные экологи» (6 «О»), «Зелёные силы» (6 «П») командалары қатысты. Іс-шара оқушылардың өздерін таныстырып, топ атаулары мен ұранын айтумен басталды. Содан кейін 2-кезеңдік «Викторина» басталды. Топтарға экология мен табиғатты қорғау тақырыптары аясында сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Үшінші шығармашылық кезеңде оқушылар күнделікті өмірде қолданылмайтын қалдықтардан креативті өнертабыстар жасауы қажет болды. Соңында «Сән көрсету» кезеңімен экомарафон өз мәресіне жетті.
1-ші орын: 6 «К» сыныбы - «Эко-тим»;
2-ші орын: 6 «Н» - «Eco Women», 6 «П» - «Зелёные силы» сыныптары;
3-ші орын: 6 «Л» сыныбы - «Одна команда, одно сердце, одна цель».