Бүгін: 12.03.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

     02.02.2024 күні №72 мектеп-лицейінде 6-шы сынып оқушылары арасында «Қалдықтарды кіріске айналдырайық» тақырыбында экологиялық фестиваль өткізілді. Ойын түрінде өткен бұл фестивальға барлығы 8 топ белсенді қатысып, табиғатты қорғау мәселелері жайлы сөз қозғады және қызықты жұмбақтарды шешті. Іс-шара 4 бөлімнен тұрды: 1-ші бөлім: Үй тапсырмасы. «Таныстыру» - әр топ өздерін таныстырды. 2-ші бөлім: «Сұраққа жауап» - әр командаға экологияға байланысты сұрақтар беріліп, жауаптар алынды. 3-ші бөлім: шығармашылық бөлімі - өмірде қолданбайтын қалдық заттардан әр түрлі шығармашылық туындылар жасаумен ерекшеленді. 4-ші бөлім: «Сән үлгісі» - жас дизайнерлер экологиялық қалдық заттардан керемет киім үлгілерін көрсетті. Іс-шара нәтижесінде:

1-ші орын: 6 «Г» сыныбы «Жасыл ұрпақ» командасы;
2-ші орын: 6 «А» сыныбы «Болашақ экологтар» командасы;
3-ші орын: 6 «Б» сыныбы «Табиғат ана» командасы иеленді.

  

  

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы