Бүгін: 12.03.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

     72 мектеп-лицейде күн сайын бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуға мән беріп, алғашқы сабаққа 8 минут қалғанда көркем әдебиеттерді оқуға мүмкіндік береді. Бұл оқудың шығармашылықты шабыттандыратынын және оқушылардың жан-жақты дағдыларын дамытатынын көрсететін тамаша мысал. Осы оқудың нәтижесі ретінде болған 3 сыныптар арасында өткізілген халық ертегілерінің бүгінгі театрландырылған тұсаукесері тек оқу қабілетін ғана емес, сонымен қатар оқушылардың шығармашылығын, шеберлігін көрсете білді. Ертегі арқылы ақыл-ой және дене еңбегінің барлық түрлерінде, баланы болашақта қоғамдық іс-әрекетке даярлауда , оның сезімдік қабілетін дамыту қажет.
   Бүгін өткен «Мен оқыған бір ертегі » атты сахналық көрініс байқауына үлкен ынтамен дайындалып,өз өнерлерін көрсеткен бүлдіршіндер әр түрлі номинациялармен марапатталды.

    

 

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы