Бүгін: 12.03.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

     26.01.2024 күні 4 “в” сыныбында, “Салауатты тамақтану мектебі” бағдарламасы аясында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты “Дене шынықтыру және спорт- салауатты өмір салты” тақырыбында өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты- оқушыларды салауатты өмір сүре білуге, адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі дерттерден сақ болуға, одан қорғана білуге, спортпен шұғылданудың маңызы туралы түсінік бере отырып тәрбиелеу. Оқушылардың ой - пікірлерін ортаға салу, өзін - өзі бағалауына жол ашу, ой қорыта білу қабілеттерін дамыту. Тәрбие сағаты барысында балаларға жаңа ақпарат интерактивті тақтада PowerPoint бағдарламасы бойынша слайд арқылы, викториналық сұрақтар “Wordwall ” сайтында ойын әдісі арқылы құралып, балалармен жұмыс жасалды және де сергіту сәті өткізілді. Тәрбие сағатын қорытындылау мақсатында балалармен сұрақ-жауап арқылы, білген түйгендерін қорынтыдыладық.

  

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы