Профилактикалық іс-шаралар шеңберінде 2024 жылғы 30 қаңтарда №72 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушыларына ҚР ІІМ орталық Жедел басқармасы ЖБО-ға экскурсия ұйымдастырылды.
Полиция полковнигі Чирва Лариса Федоровна мен аға инспектор полиция капитаны Әлихан Шадияр Шахарханұлы балаларға не үшін бақылау камералары қажет екенін, бақылау камералары бойынша қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың қалай ашылатынын айтып, көрсетті. Сондай-ақ, оқушылар 102 және 112 қызмет операторларының жұмысымен танысты.
Балалар ЖБО операторларының жұмысы, сыртқы бейнебақылау камералары туралы көптеген қызықты нәрселерді білді.
Іс-шара соңында оқушылар қызықты экскурсия үшін полицейлерге алғыстарын білдірді.