Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай №72 мектеп-лицейінің кітапханасында 6 «М» сынып оқушыларымен «Менің Отаным – Менің Қазақстаным» атты ақпараттық сабақ өтті. Іс-шара электронды презентациямен ұласып, оқушылар тақпақ айтып, 6-сынып оқушысы Нурхан Амина «Отан» әнін орындаса, Досубаев Саян, Муканов Мухаммед-Амин, Еркен Ансар, Тахирова Инкара, Муканова Раяна Отан туралы мақал-мәтелдермен толықтырды.