2023 жылдың 15 желтоқсанында 6 «Д», «М», «О» сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған командалық викториналық ойын өтті. Ойын «Сауалнама», «Тарих беттері арқылы», «Туған жер туралы не білеміз», «Аяқталмаған сөйлем» атты 4 тур бойынша өтті. Жеңімпаз «Самұрық» командасы болды. «Қыран» және «Ақорда» командалары белсенділік танытып, өз елінің тарихын жоғары деңгейде меңгергендерін көрсетті.