15.12.2023 күні №72 мектеп-лицейінде 7-ші сынып оқушылары мен жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік - ел бірлігі мен бақыты!» атты мерекелік концерт өткізілді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік туралы Конституциялық заңы қабылданды. Бұл күні ел азаматтары ата-бабаларымыз армандаған бостандық пен тәуелсіздікті таңдады. Біздің ұрпақ осы ұлы армандарды жүзеге асыру құрметіне ие болды.