Бүгін: 12.03.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

21.11.2023ж Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының қолдауымен мектебімізде «Құрмет» ордені иегері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген мұғалімі, құрметті профессоры «Дәуірдің дара ұстазы» атанған Қ. Бітібаеваның атындағы зертхана мен әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Қ. Бітібаева әдістемесі» Шығармашылық топ жұмысына орай «Қ. Бітібаеваның әдебиетті оқытудағы «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясының қолданыстағы білім беру мазмұнымен үндестігі» тақырыбында қалалық оқыту семинары өтті. Аталған технологияны ұстаздардың өз іс-тәжірибелерінде қолдануға бағыт-бағдар беру, кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіншілік жасау мақсатында өрбіген семинарды мектеп басшысы Дюсенова Айман Жумагалиевна ашып, Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы әдіскері Маман Жанар Сейтахметқызы «Қ. Бітібаева әдістемесі» шығармашылық жұмыс тобы тұжырымдамасының мақсат-міндеттері, бағыты мен жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.
Семинар барысында ұстаз шәкірті Адилбекова Жанар Советханқызы «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясының білім мазмұнымен үндестігі» тақырыбындағы коучинг өткізсе, №72 және №64 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері шеберлік сыныптар көрсетті.

       

  

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы