09.11.2023ж №72 мектеп-лицейде «Ұлт мұратын қаламына арқау еткен...» ақын Марфуға Бектемірованың шығармашылығына арналған апталық аясында «ӨЛЕҢІМ, СЕН АМАН БОЛ...» атты мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өтті. Оған 5-9 сынып оқушылары қатысты.
Байқаудың мақсаты: білім алушылар арасында кітап оқуды насихаттау, балалардың оқырмандық көзқарасын кеңейту, өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау, талантты балаларды анықтау және оларға қолдау жасау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру.
Байқауға жалпы мектептен 25 оқушы қатысты.
Байқау нәтижесінде:
?1-ші орын: Еркінбек Мерей 8Ғ сынып оқушысы;
?2-ші орын: Құралбай Балнұр 8Ә сынып оқушысы, Рүстембек Гүлім 8Ә сынып оқушысы;
?3-ші орын: Ақылжан Зере 7Д сынып оқушысы, Мұнайтпас Айкерім 5Ж сынып оқушысы, Ахметова Мариям 8З сынып оқушысы иеленді.
Құттықтаймыз!