Бүгін: 12.03.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

№72 мектеп лицейінің кітапханасында 2023 жылдың 24-ші қазанында Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дәмелі Толоуханқызының ұйымдастыруымен 11-ші және 8-ші сыныптар арасында Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай «Оралхан Бөкейдің шығармашылық әлемі қандай?» тақырыбында пікіралмасу сабағы өтті.
Сабаққа 10-шы сынып оқушыларымен бірге мектебіміздің басшысы, Дюсенова А.Ж. және бірқатар пән мұғалімдері қатысты.
Сабақ барысында Қазақ әдебиетінің XX ғасырдағы жарық жұлдызы, жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің өмірі мен еңбектері жайында пікірталас туындап, оқушылардың білімі тереңдетіліп, талантты тұлғаның қайталанбас қасиеттері насихатталды.
Жазушының жерлесі, мектебіміздің үлгі тұтар ұстаздарының бірі Солтанов Қанатбек мырза Оралхан Бөкейдің нағыз суреткер, табиғат пен адам жанын ақындық көзбен жіті тінтіп, екінің бірі біле бермейтін тылсым құпияларын өрнектеді. Сонымен бірге сол суреттері өзі көргендегідей тылсым күйінде, жұмбақ қалпында тұңғиығына сыр бүгіп тұратынын айтып өтті.
Сабақ соңында математика пәнінің мұғалімі Чуембаева Эльмира Шакаримовна бүгінгі сабақ қатысушылардың дүниетанымдарын кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік жасалғанын, ұлтжандылыққа, қамқорлыққа, жанашырлыққа, өз елінің біртуар азаматтарына деген мақтаныш сезімдерін қайта оятқанын айтып өтті.

 

 

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы