28.10.2023 күні оқушылардың ата-аналарына арналған 5 аймақтан тұратын ашық есік күні өткізілді.
1-аймақта 7-сынып ата-аналары үшін World cafe «Адалдық – атадан қалған мұра» іс-шарасы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Б.З. Боранбаева және физика пәнінің мұғалімі А.Н. Гумарованың ұйымдастыруымен өткізілді. Іс-шара барысында алдымен танысу тренингі өтті. Ата-аналар топтарға бөлінді. Әр топқа балаларының қандай болғанын қалайтындықтарымен бөлісу, адалдық сөзінің анықтамасын жазу тапсырмалары берілді. Түрлі жағдаяттар бойынша ойларын айтып, шешімдерімен бөлісті.
2-ші аймақта 6-шы сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Мұғалім қонақ бөлмесі» атты ашық есік іс-шарасы ұйымдастырылды. Ата-аналар өздерінің мазалаған сауалдарға жауаптар алып, мұғалімдермен өзекті мәселелер жөнінде әңгімелесті.
3-ші аймақ бойынша «Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті» тақырыбында 4-ші сынып оқушыларының ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ата-аналар белсенділік танытып, тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті.
4-аймақта 9-сынып ата-аналары үшін психолог-профориентолог А.Т. Шахметованың ұйымдастыруымен «Мамандық таңдау» мастер классы өткізілді. Іс-шара танысу тренингімен басталды. Мамандық таңдауда нені басты назарға алу керектігі, ата-ананың әсері, балаға қандай көмек беру керектігі айтылды. Ата-аналар ризашылықтарын білдіріп, кері байланыс жасалды.
5-аймақта «Атасыз үй – батасыз, анасыз үй – панасыз» іс-шарасы аналар мектебінің жұмысына негізделді. Шебер сыныпта 8-сынып оқушылары және олардың аналары Кляксография әдісін қолданып сурет салды.