14.10.2023 күні әкелердің жалпы мектептік жиналысы өтті. Ашылу барысында мектеп психологы қысқаша тренинг өткізіп, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен әкелер кеңесінің төрағасы сөз сөйледі. Содан кейін барлық қызығушылық танытқан әкелер өз пікірлерін білдіріп, оқушыларға арналған іс-шараларды өткізуге өз нұсқаларын ұсынды. Күн тәртібінде мектептің тәрбие жұмысының мақсат, міндеттері мен Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша түсінік берілді. Жаңа оқу жылына арналған Әкелер кеңесінің жұмыс жоспары талқыланып әртүрлі мәселелер қозғалды.