Спорт - бұл әлеуметтік маңызды нәтижелерге жеткізетін дене жаттығуларын қолдануға негізделген білім беру, ойнау, бәсекеге қабілетті қызмет болып табылады. Спорт түрлерінің ішінде волейбол - бұл командалық ойын, әр ойыншы өзінің қарсыласының іс-әрекетіне байланысы қозғалыс қимылдарын жасайды. Волейбол оқушыларға теориялық ақпараттар алуына,тактиканың және техниканың негізгі әдістері мен тәсілдерін үйренуіне, өздерінің мүмкіншілігіне сәйкес жаттығуына, екі жақты ойын кезінде үйренген дағдыларын жетілдіруіне мүмкіндік береді. Осы мақсатта №72 мектеп-лицейінде 08.10.23 күні волейболдан Денсаулық күніне орай мектепаралық волейболдан турнир өткізілді. Турнирден біздің мектебіміздің қыздар командалары 1-ші және 2-ші орындарға ие болды.