29.09.2023ж Қарттар күніне байланысты "Аман жүрші, қарттарым!" тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға 6 сынып оқушылары мен ата-әжелері қатысты. Оқушылар өздері дайындаған музыкалық тартулары мен кішігірім сыйлықтарын табыстады. Мектеп атынан жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеуде үлес қосқан аталары мен әжелеріне Алғыс хаттармен марапатталды.