№72 мектеп-лицейінде 29.09.2023ж «Қарттар» күніне орай тарих пәнінің мұғалімі Д.А. Кушубаеваның ұйымдастыруымен 9-сынып оқушылары арасында "Бізге қарттар үйі қажет пе?" тақырыбында дебат сайысы өткізілді. Мақсаты: қазіргі кезеңдегі қоғамдағы өзекті мәселені көтеру, бүгінгі ұрпақ санасына «үлкенге – құрмет, кіші¬ге – ізет» ұғымдарын, адамгершілік сезімдерін ұялату, қарттарға қамқор болуды насихаттау. Қызу пікірталас нәтижесінде қатысушылар "Бізге қарттар үйі қажет емес" деген ортақ пікірге келіп, ойларын қорытындылады.