27 қыркүйек 2023 жылы №72 мектеп - лицейінің 8 "Д", 8"Ж" сынып оқушылары сынып жетекшілері Белдикова А.Д., тарих пәнінің мұғалімі Тулкинбаева Г.М. және ата-аналардың қолдауымен Малиновка ауылындағы "Алжир" мемориалдық мұражай кешеніне барды. Бұл іс-шараның мақсаты: сол кездегі оқиғалар туралы білімді қалыптастыру, тарихи - мәдени мұраны сақтау, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу, ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына құрметпен қарауға тәрбиелеу болды. Балалар Азиза Рысқұлова мен оның анасы Дамеш Жаргенова, Рабига Асфендияров, Гүлжамал Малина, әнші Лидия Русланова, кино актрисасы Лидия Френкель және басқа да танымал мәдениет қайраткерлерінің әйелдері қамауда отырғанын білді.